Qaz | Rýs | Engl
ЗайсанC

Cоңғы жаңалықтар

11:36
О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 ноября 2014 года № 72 "Об утверждении Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения,
10:40
«Үздік педагог» байқауы
15:37
Жүректен журекке рус
15:32
Жүректен журекке КАЗ
16:12
Направлена на областной зоочный конкурс «Лучшая авторская программа » по курсам «Абаеведения» для 5-8 классов среди учителей казахского языка и литературы.
эксклюзив
16:10
«Абайтану» курсы бойынша 5-8 сыныптарға арналған қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің «Үздік авторлық бағдарлама » сырттай облыстық конкурсына жолдама алды.
эксклюзив
10:06
«Педагогикалық идеялар фестивалі»
09:35
Стандарт государственной услуги "Прием документов и зачисление в организации дополнительного образования для детей по предоставлению им дополнительного образования"
документ
09:08
Шалғай ауылдарда ІТ-сыныптар ашылып жатыр
08:15
Зайсан аудандық білім бөлімінің 2018 жылдың 9 айындағы атқарған жұмыстары туралы
08:57
Зайсан ауданында жаңа балабақша пайдалануға берілді
эксклюзив
Көп жаңалықтар
» » Зайсан ауданында жаңа балабақша пайдалануға берілді

Зайсан ауданында жаңа балабақша пайдалануға берілді

Жаңалықтар
142
0
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бірқатар әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Әсіресе балабақша кезегінде тұрған бүлдіршіндерге тәрбие ошағын салып беруге ниетті жандардың қатары көбейіп келеді. Жақында жас кәсіпкер Қайсар Жұмашов 90 орындық балабақша ашып, ата-аналарды жұмыспен қамтыды. Зайсан ауданында жаңа балабақшаның пайдалануға берілуі көптеген ата-ананы қуанышқа бөледі. Балалар да мәз-мейрам. Назым Какиева қызымен бірге тәрбие ошағына күнде асығады. Себебі мұнда балақайлардың дұрыс тәлім-тәрбие алып, балалықтың бал дәмін сезінуіне барлық жағдай жасалған. Назым Какиева, ата-ана: – Жаңа балабақшаның ашылғанына өте қуаныштымын. Жас кәсіпкер ашып жатыр. Қуанып, баламды алып келдім. Ұнады. Ішіндегі дүниенің бәрі талапқа сай. Тәрбиешілер де ұнап жатыр. Қызым осы жерде сабаққа даярланып, жақсы білім алып шығады деп ойлаймын. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бой көтерген тәрбие ошағы 90 орынға шақталған. Жас кәсіпкер Қайсар Жұмашов 53 млн теңгеге аудандық білім бөлімінің меншігіндегі ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізген. Қайсар Жұмашов, кәсіпкер: – Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік ретінде жұмыс істеймін. Балабақшада 25-30 жұмысшы болады. Оның ішінде 12 тәрбиеші бар. Әр топта басқа балабақшаларға қарағанда айырмашылықтар болады. Тәрбие ошағында үш тілде білім беру жүйесі қолдау тапқан. Логопед, дефектологтар жұмыс істейді. Бастысы тәрбиешілердің дені – бұрын жұмыссыз отырған ата-аналар. Осылайша балабақшаның ашылуы отбасы қуанышын еселегені анық. Айым Қабимолдинова, тәрбиеші: – Жағдай жасалып отырғанына өте разымыз. Ата-аналар осы балабақшаның ашылғанына разы болып жатыр. Заман талабына сай. Өзім де осы балабақшада қызмет атқарамын. Өте қуаныштымын. Қазір Зайсанда 395 бала балабақша кезегінде тұр. Тағы бір кәсіпкер мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында тәрбие ошағын салуға ниет білдіріпті. Бұған қоса 4 жеке бақшаны осы бағдарламаға бейімдеу көзделген. Барлығы балалардың игілігі үшін. 
Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Аслан Төлепов

 
Фотогалерея

Құрметті сайтқа келуші сңз тіркеуден өтрей кірдіңіз. Тіркеуден өтуді ұсынамыз зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

0 комментариев

Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: