Ауданда 2018 жылдың 9 айы бойынша 27 мектеп: оның 17-і орта, 8-і негізгі орта, 2-і бастауыш мектеп, 13 балабақша: оның 6-ы жекеменшік, 4 мектептен тыс қосымша білім беру мекемелері жұмыс істейді.
Бүгінгі күні Зайсан ауданы бойынша 13 балабақшада - 1081, 16 шағын орталықтарда - 511, мектепалды даярлықта-656, барлығы 2248 бала тәрбиеленуде, бұл барлық 1 жастан 5 жасқа дейінгі бала санының 90,6 %, 3 жастан 6 жасқа дейінгі бала санының 100 % құрайды.
Жаңа 2018-19 оқу жылы «Мен Отанымның патриотымын» тақырыбында басталып, оқушы контингенті- 6276 баланы құрады. Жаңа оқу жылында жаңартылған білім беру мазмұнына 3,6,8 сыныптар көшірілді. 6-18 жас аралығындағы мектеп жасындағы барлық бала оқумен қамтылып отыр.
Ауданда 920 мұғалім жұмыс істейді.Олардың 781- жоғары, 139 мұғалім арнаулы орта білімді, жоғарғы санатты мұғалім-153, бірінші санатты-280, екінші санатты-298, мұғалім санатында-189.
Аудандық білім бөлімі бойынша 2018 жылдың 9 айында төмендегідей жұмыстар атқарылды:
Ағымдағы жылы 29009,8 мың тенге қаражат бөлініп 6 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар үнемделген 6 млн 13 мың 900 теңге қаржыға 7 мектепке жылу маусымына қажетті құрылғылары алмастырылды. Білім беру мекемелерін жылытуға қажетті 11550 теңгеден 5836 тонна тас көмір сатып алуға аудандық білім бөлімі арқылы орталықтандырылған конкурс ойнатылды, жеңімпаз «Сайқан»ЖШС арқылы 75% көмір білім беру мекемелеріне жеткізілді.
М.Дауленов атындағы мектеп интернатының жылу қазандығын табиғи газға қосу жұмыстары аяқталды.
«Менің мектебім» бағдарламасы бойынша аудандағы 11 робототехника және биология кабинеттерін жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 4308,5 мың теңге қаражат бөлініп, жөндеу жұмыстары толық жүргізілді.
Робототехника кабинетінің құрылғылары, жиһаздары (11 мұғалім үстелі, 110 оқушы үстелі, 110 оқушы орындығы)жеткізіліп, қабылданды.
Барлық 11 мектептің мұғалімдері робототехника курсынан 100 % өтті.
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен 9-11 сыныптар арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының облыстық кезеңіне аудандық олимпиададан жүлделі I орын алған 28 оқушы қатысып, 15-і жүлделі I,II,III орындарды иеленді. Бұл қатысқан оқушылардың 54 % -ын құрады. Нәтижесінде Зайсан ауданының командасы облыстан жүлделі III орынды иеленді. III дәрежелі дипломмен және «Үздік олимпиадалық команда» кубогымен марапатталды.
7-8 сынып оқушылары арасында химия мен биологиядан юниорлық олимпиада өтіп, жеңімпаздар облыстық турына қатысып, жүлделі орындар иеленді. Жакула Күшікұлы атындағы аудандық химия, биология пәндерінен олимпиадаға 9-11 сынып оқушыларынан 62 бала қатысып, 18-і жеңімпаз атанды. Облыстық кезеңіне аудандық команда қатысып, биологиядан 2 орынды иеленді. Республикалық «Балалар бастауы-2018» қоғамдық бастамалар байқауының аудандық кезеңіне 46 оқушы қатысып, 27 жүлделі орындарға ие болды.
Облыстық «Малахит», «Лидер»,Тұлпар», «Адам және табиғат» интеллектуалды конкурстарына ауданнан 545 бала қатысып, жақсы білім көрсеткіштерін көрсетті.
Жыл көлемінде «Айқанат білім беру қорының» олимпиадалары өтіп, төрт турдың қорытындысы бойынша ауданнан шыққан 27 жеңімпаз Республикалық «Айканат » олимпиадасына қатысып қайтты. Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Х.Мустафина атындағы лицейдің оқушылары математика және ағылшын тілінен жүлделі 1ші орынды иеленіп мектептеріне 3 000 000 тенге тұратын FAB LAB кабинетін жеңіп алды. Сондай-ақ Қаратал орта мектебінің оқушысы жеңіл атлетика бойынша 1-ші орынды иеленіп, 2 млн.тенге тұратын FAB LAB кабинетін жеңіп алды. Сондай-ақ математика пәні бойынша Х.Мустафина лицейінің оқушылары 2ші және 3ші жүлделі орындарды иеленсе, М.Дәуленов атындағы мектеп интернаты оқушысы 2ші орынды жеңіп алды. Физика пәні бойынша лицей және Сарытерек орта мектебінің оқушылары 2ші орынға ие болды. Барлық жеңімпаздар шетелдің жоғары оқу орындарына Грант иегерлері атанды.
«Жыр алыбы- Жамбыл» облыстық жас ақындар сайысына ауданнан 2 оқушы қатысып, жүлделі 2- орынды иеленді. «Мультимедиялық журналистика» бағытында жұмыс жүріп жатқан мектептер облыс бойынша сырттай өткізілген «Мен- бейнеблогер» сайысына қатысып, «Туған мектебім» номинациясы бойынша Қаратал орта мектебінің оқушысы 1- орынды иеленсе, Х. Мұстафина мектеп- лицейінің оқушысы «Репортаж» номинациясы бойынша марапатталды.
Облыстық «Әбіш оқулары» сайысына аудандық оқудан жеңімпаз болғандар қатысып, «Көркемсөз оқу», «Суретшілер», көрініс көрсету, жоба қорғау бағыттары бойынша 1,3 орындарды жеңіп алды. «Әбіш оқуларының» республикалық кезеңіне қатысқан аудан оқушылары көрініс көрсетуден жүлделі 2- орын, жоба қорғаудан 2- орынды иеленді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында география пәнінен «Туған өлке» тармағы бойынша мұғалімдердің музейлер мен тарихи орындарға экскурсия сабақтары мен саяхаттары ұйымдастырылды.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында «Интеллектуалды жастар шығармашылығы 2018» байқауы жалпы білім беретін мектептің оқушылары арасындағы жас техниктермен шығармашыл жастардың ғылыми-техникалық және шығармашылық, құрастырушылық ой қабілеттерін олардың ізденгіштік өнертапқыштық дағдыларын қалыптастыру дамыту үйлестіру мақсатында және озық тәжірибедегі жұмыстарды даралап кеңінен насихаттау мақсатында өткізілді. Аудандық көрмеге робототехника, нано-технологиялар бойынша жұмыстар ұсынылып, жоғары деңгейде дайындалған жобалар облыстық IT-фестивальға жолданды.
Зайсан ауданында 21-23 маусым аралығында Ұлттық Бірыңғай Тестілеу 2 лекпен өтті. Аудан мектептеріндегі 480 түлектен тестілеуге 412 оқушы қатысты. Бұл барлық мектеп түлектерінің 85,8 %-ы. (Өткен жылы 82,9) Аудан бойынша орташа балл-92,4болды. (Өткен жылы 87)
ҰБТге аудан мектептерінен 28 «Алтын белгі» және 17 Үздік аттестат иегерлері қатысып, жақсы білім сапасын көрсете білді.
Ең жоғарғы балды-134, Қабдығани Нұрсултан - Шілікті ОМ жинады.
100 және 100 ден жоғары балды аудан бойынша 207 мектеп бітіруші жинады.
50 балдан төмен алған 23 бала шектік деңгейден өте алмады
ҰБТ нәтижесінде 287 түлек ЖОО мен колледждердің мемлекеттік тапсырыс иегерлері атанды, ол барлық түлектің 70%.
«Орта білім беру барысына үш тілде оқытуды енгізу» біліктілікті арттыру курсынан өткен 25 мұғалімнің ең жоғарғы - С1 деңгейін – 1, В1 – 12, В2 – 7, А2 – 5 мұғалім алды. Осы бағдарлама бойынша біліктілігін арттыру курсын В1, В2 деңгейлерімен аяқтаған педагог кадрлардың сертификаты жалпы білім беру мекемелерінің жоғары сыныптарында биология, химия, физика, информатика пәндерін ағылшын тілінде жүргізу мүмкіндігін беріп отыр. А1 деңгейінде бітірген жаратылыстану бағыты бойынша ағылшын тілінен тілдік курстан 7 мұғалім білімдерін жетілдіру үшін 5 айлық, 10 айлық тілдік курсты 4 мұғалім аяқтады.
Балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру үшін 25 мектеп жанында сауықтыру лагерлері 2770 баланы сауықтыру жұмыстарын жасады. Мектеп жанында шатырлы алаңдар мен киіз үйлер 2250 бала үшін жұмыстар атқарды.
Қала сыртындағы «Бұқаралық спортты дамыту орталығы» өз жұмысын бастады. 2 ауысымда 200 бала демалды. «Үржарайым» тілдік лагеріне 9 бала жіберілді.
Мауысым айында 1 күндік топжорықтарға 500 бала тартылса. Аудандағы Шілікті қорғандарына 1500 оқушы барып қайтты. Жидебайға -52, Катон-Қарағай, Берел қорғанына- 105, «Дарын» орталығы арқылы «Алтын қазына»- 6, турпоход-8 оқушы жіберілді. Алматы- 3, «Киелі Алтайым »- 5. «Балдаурен- Капшагай»- 8. 25 бала Астана қаласына туристік топжорықпен барып қайтты. Оқушылардың ағылшын тілін дамыту үшін мектеп жанындағы сауықтыру лагерьлерінде тілдік клубтар ұйымдастырылды. «Достық көпірі», «Қызықты ағылшын», «Interesting English» клубтарында 302 бала қамтылды.
Білім бөлімінің басшысы Н. Калибаев
Орын Ж. Байсаринова